Жобалар аясында гуманитарлық және техникалық пән кабинеттері, STEM-зертханалары, информатика, робототехника, технология, өнер және музыка кабинеттері жабдықталады. Сонымен қатар кітапханалар, акт және спорт залдары, коворкингтер, әкімшілік бөлмелер, асханалар, шеберханалар және басқа функционалдық кеңістіктер қамтылады.























































