«Базистік дүкен» ЖШС білім беру ұйымдарын «кілт тапсыру» қағидатымен кешенді жарақтандыру жобаларын іске асырып, тұжырымдаманы әзірлеу мен жобалаудан бастап жабдықты жеткізуге, монтаждауға, іске қосу-баптау жұмыстарына және пайдаланушыларды оқытуға дейінгі толық жұмыс циклін қамтамасыз етеді.
Компания 25 жылдан астам уақыт бойы Қазақстанның түкпір-түкпірінде әртүрлі ауқымдағы жобаларды жүзеге асырып келеді. Осы кезеңде 7 800-ден астам оқу кабинеті жабдықталып, мемлекеттік, қайырымдылық және корпоративтік білім беру жобаларын іске асыру тәжірибесі жинақталды.
































































