Балалар жасанды интеллектті, робототехниканы, бағдарламалауды, цифрлық өндірісті, медианы, баламалы энергетиканы және заманауи инженерлік технологияларды меңгере алатын жаңа буын қосымша білім беру орталықтарын жобалап, жабдықтаймыз.
2023–2025 жылдары компания Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі Оқушылар сарайларында, балалар технопарктерінде, балалар-жасөспірімдер орталықтарында және басқа да қосымша білім беру ұйымдарында жобалар жүзеге асырды.



































































